25 жастағы жігіт 25 рет жол ережесін бұзған. Қостанайда жүйелі түрде жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды. Ол шетелдік тіркеудегі BMW автокөлігін басқарған. Полицияның мәліметінше, жүргізушінің атына 25 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген, оның 24-і – жылдамдықты арттыру дерегі. Төленбеген айыппұлдардың жалпы сомасы 600 мың теңгеге жеткен. Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көлігі арнайы тұраққа қойылды.