Павлодарда шетелдік әйел өз бүйрегін сатпақ болған. Ол баға мен шарттарды талқылау үшін Қазақстанға арнайы келіпті. Жедел ақпарат полицияға түсіп, тәртіп сақшылары адам ағзасын сату әрекетін әшкерелеуге кіріскен. Нәтижесінде күдікті келісілген ақшаның бір бөлігін алып жатқанда қолға түскен.