Түркістан
EN

Ауыр жүк көліктерінің кесірінен жүздеген шаршы метр жол төсемі бүлінген

76
29.07.2025

 Түркістан облысында жыл басынан бері 520 шаршы метр жол төсемі ауыр жүк көліктерінің кесірінен бүлінген. Бұл туралы Ұлттық сапа орталығы хабарлады. Түркістан облыстық филиалының инженері Нұржан Әшірматтың айтуынша, ақаулардың көбі  Шымкент қаласының солтүстік айналма жолында анықталған. Алғашқы 7 шақырымында әр жолақты бөліп тұрған сызықтар өшіп қалған.  2260-2270 шақырымы аралығында да дәл осындай жағдай. Аталған трассаның 120 шаршы метр бетонның қорғаныс қабаты бұзылған. Күні-түні карьерлерден құм-қиыршық тас таситын жүк көліктері де республикалық жолдардың тез тозуының бір себебі,- дейді Нұржан Әшірмат.