Емге деп жинаған ақшасын қалтаға басқан

40
29.07.2025 19:09

1,3 млрд теңгені баланың еміне емес жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Ерлі-зайыпты Тотақановтар ұлының еміне деп жаппай жарнама жүргізіп, халықтан 1,3 млрд теңге жинап алған. Алайда баланың еміне тек 6,4 млн теңге жұмсалған. Қалған ақшаға 3 пәтер, 5 көлік, жер телімін сатып алған. Бір бөлігі құмар ойынға кеткен. Сондай-ақ әлеуметтік желіде парақшаларын жарнамалауға 481 млн теңге бөлген. Қазіргі таңда сот мүлкіне тыйым салды. Күдіктілер үйқамақта. Қылмыстық іс сотта қаралып жатыр.