Түркістан
EN

Сайрам-Өгемде адасқан екі жасөспірім құтқарылды

30
29.07.2025

 Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық паркі аумағында адасқан екі жасөспірім құтқарылды. 13 жастағы екі турист Төлеби ауданы, Қасқасу ауылынан 20 шақырым жерде адасып, тік жартасты беткейде қалып қойған. Өздігінен төмен түсе алмаған. Құтқару жұмыстарына кинологпен бірге Республикалық жедел-құтқару жасағының тобы жұмылдырылды. Құтқарушылар ұшқышсыз ұшу аппаратының  көмегімен туристердің орнын анықтап, екі жасөспірім аман-есен құтқарылды.