Түркістан облысында "Заң мен Тәртіп" қағидатын ілгерілету мақсатында арнайы мобильдік топ құрылды. Аталған топ су ресурстарын қорғау инспекциясымен бірлесіп, Шардара су қоймасындағы 20-дан астам құқық бұзушыны анықтады. Нақтырақ айтсақ, су қоймасының оңтүстік бөлігінде ұзындығы 3,7 шақырым, тереңдігі 1–1,4 метрге жететін қолдан қазылған су арығы табылды. Су сорғыш құралдарының көмегімен арықтан 414 миллион текше метр су рұқсатсыз тартылған. Құқық бұзушылар енді әкімшілік жауапкершілікке тартылады.