Түркістан
EN

Таеквондошыларымыз Дүниежүзілік Универсиадада жүлдегер атанды

91
28.07.2025

Түркістандық таеквондошылар дүниежүзілік универсиадада жүлдегер атанды. 16-27 шілде аралығында Германияның Рейн-Рур өңірінде өтіп жатқан студенттер арасындағы XXXII Дүниежүзілік жазғы Универсиадада ел намысын 12 спорт түрі бойынша 76 спортшы қорғауда. Байрақты бәсекеде таеквондо спортынан Қазақстанның аралас құрамасы қола жүлдені жеңіп алды. Ұлттық құраманың сапында Бейбарыс Қабылан, Самирхон Абабакиров, Айдана Сүндетбай және Назым Махмұдова сынды талантты спортшылар өнер көрсетті. Айта кетейік, жүлделі нәтиже көрсеткен спортшылар қатарында Түркістан облысының өкілі Назым Махмұдова да бар. Түркістандық саңлақ туған жерге оралды. Өңір мақтанышын Түркістан әуежайдан спорт саласының майталмандары, туған-туыстары мен достары сән-салтанатпен қарсы алып, ерекше құрмет көрсетті.