Алтай Республикасында халықаралық экологиялық конференция өтті. Оған ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қатысып, Каспий теңізінің таяздану мәселесіне тоқталды. Сондай-ақ Каспий маңы елдерімен ынтымақтастықты күшейту, заманауи технологияларды енгізу мен су ресурстарын басқаруға қатысты мәселелерді көтерді. Өз сөзінде, экологиялық қауіпсіздік әлемдік «жасыл» күн тәртібінің бір бөлігі ғана емес, кез келген елдің орнықты дамуы үшін маңызды шарт екенін атап өтті.