Киелі Қазығұрт топырағында қос аудандағы кәсіп иелерінің базынасы тыңдалды. Басқосуға Өңірлік кеңес мүшелері, құқық қорғау органдары, мемлекеттік құрылымдар мен кәсіпкерлік ұйым өкілдері де қатысты. Түркістан облыстық мәслихатының және Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі төрағасы Нұралы Әбішов пен Палата директоры Асылан Ибадуллаев кәсіпкерлермен жеке қабылдау өткізіп, олардың көкейдегі мәселелеріне құлақ түрді. Жергілікті кәсіпкерлер негізінен инфрақұрылымның әлсіздігі, инженерлік желілердің тартылмауы, электр қуаты тапшылығы, техникалық шарттар мен салық сәйкессіздіктеріне шағымданды.