Түркістан
EN

Өңір басшысы тұрғындарды жеке қабылдады

51
28.07.2025

Түркістан облысында азаматтарды жеке қабылдау тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгін облыс әкімі Нұралхан Көшеров тұрғындармен кездесіп, олардың ұсыныс-өтініштерін тыңдады. Жиында жер мәселесі, спорт кешені құрылысы, робототехника турнирін өткізу сынды маңызды мәселелер көтерілді. Әкім әрбір сауал бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеп, тұрғындардың өтініштері ескерусіз қалмайтынын жеткізді. Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу электронды порталдар және «Ашық әкімдік» арқылы жүзеге асады.