Елді дүр сілкіндірген атышулы Перизат Қайрат ісі бойынша үкім шықты. Астанадағы сот Перизат Қайратты 10 жылға, ал анасы Ғайни Алашбаеваны 7 жылға бас бостандығынан айырды. Екеуінің мүлкі тәркіленіп, 10 жыл бойы қайырымдылықпен айналысуына тыйым салынды. Сот процесі 9 шілдеде басталып, екі апта ішінде аяқталды. Тыңдаулардың бір бөлігі құпия түрде өткен болатын. Себебі, банк құпиясы мен жеке мәліметтер қозғалған. Сондай-ақ сот Перизат Қайратты «Шапағат» мемлекеттік марапатынан айыру туралы ҚР Президентіне ұсыныс жіберді.