Жастар саябағы – жасампаз бастама

24
25.07.2025 20:11

Заманауи демалыс, экологиялық тәрбие және туризм – бәрі бір орталықта тоғысқан. Түркістандағы Жастар саябағы – тек қала тұрғындарының ғана емес, елімізге келген меймандар міндетті түрде ат басын бұратын туристік маршруттардың бірі. Президент кеңесшісі Зүлфия Сүлейменова аталған нысанға барып, жабық жылыжай жұмысымен танысты.