Түркістан
EN

Айналма жол құрылысы басталады

133
25.07.2025

 Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қытайдың Чайна Рэйлуэй Эйша Юроп /«China Railway Asia-Europe Construction Investment Co., Ltd./ компаниясының бас директорымен кездесті. Тараптар Түркістанда бірқатар ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты. Атап айтқанда, қыркүйек айында Түркістан қаласының шығыс айналма жолының құрылысы басталады. Ұзындығы 30 шақырым болатын бұл жол 1,5 жылда салынып бітеді деп жоспарлануда. Қазіргі уақытта «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолы қаланың ортасынан өтеді, бұл көлік кептелісіне және жолдардың бұзылуына әкеп соғуда. Кездесуде логистикалық орталық пен өндіріс орнын ашу мәселелері де талқыланды. Жобалар іске асқан жағдайда өңірде жаңа жұмыс орындары ашылады.