Түркістан
EN

МӘМС қалай өзгереді?

38
25.07.2025

Елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты жаңа заң қабылданды. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз брифингінде айтылды.Енді 2026 жылдан бастап – Бірыңғай медициналық көмек пакеті қолданысқа енеді. Бұған онкоскринингтер, әлеуметтік мәні бар ауруларға арналған консультациялар, амбулаторлық дәрілік қамту кіреді. Сондай-ақ, 12 созылмалы ауруды басқару және стационарлық көмектің жаңа түрлері енгізіледі. Ең бастысы – бұл қызметтер азаматтардың сақтандырылған мәртебесіне қарамастан тегін ұсынылады.