Түркістан
EN

Дәрігерге қол көтергендер қатаң жазаланады

43
24.07.2025

 Елімізде медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау фактілеріне қатысты Қылмыстық кодекске жаңа бап енгізу жоспарлануда. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Бұдан былай,  қауіп расталған жағдайда- 2 жылға дейін, күш қолдану-2 жылдан 7 жылға дейін, қылмыс төтенше жағдай кезін жасалса-10 жылға дейін, ал егер шабуыл медицина қызметкерлері тобына бағытталған және топпен жасалса- 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы ұсынылды.