Түркістан
EN

Қызылордада 100-ден аса мұғалім жалған дипломмен жұмыс істегені анықталды

229
04.03.2022

Қызылорда облысында 112 мұғалім жалған дипломмен сабақ берген. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова Facebook-тегі парақшасында жазды. Оның  айтуынша, былтыр қаңтар-маусым айларында аттестаттау комиссиясы 863 құжатты қарап, 24  ұстаздың дипломы жалған екенін анықтаған. Ал, шілде-желтоқсан аралығындағы тексеру кезінде тағы 14 мұғалім құжатының түпнұсқасын дәлелдей алмаған. Енді Аталған деректердің әрбірі педагогтік әдеп жөніндегі кеңесте қаралуда.