Түркістан
EN

Ең қатты ыстық Түркістанда тіркелген

125
24.07.2025

2025 жылғы маусымда Қазақстанда бұрын-соңды болмаған аптап тіркелді. Ауа температурасы елдің көп бөлігінде климаттық нормадан 1–3,5°C-қа жоғары болды. Ең қатты ыстық оңтүстікте байқалды: Түркістанда +42,8°C, Жезқазғанда +42,4°C, Шымкентте +40,6°C-қа жетіп, бұрынғы рекордтар жаңартылды. Алматыда да +36,6°C тіркеліп, жаңа рекорд орнады. Астанада орташа температура +21,4°C болды (норма – +19,6°C). Жауын-шашын солтүстік пен батыста мол, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста негізінен аз мөлшерде түсті, дегенмен кей жерлерде нөсер болды. Ең қатты ыстық Түркістанда тіркелді – +42,8°C.