Түркістан облысында өңірлік өнім көлемі 4,5 трлн теңгеге жеткен. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексінің 108 %-ға артқанын көрсетеді. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен кіріс көздерін ұлғайту мәселесі өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте талқыланды. Жиында салықтан жалтару немесе төмен түсім мәселелері талқыланды. Әсіресе, жекеменшік балабақшалар мен демалыс орындарындағы салық жүйесі қайта қарауды қажет етеді. Осыған байланысты өндірісті арттыру, салық базасын кеңейту, кірісті көбейту бойынша сала мамандарына нақты тапсырма берілді.