Елордада Аскар Тоқпанов көшесіндегі 3 қабатты ғимараттан шыққан өрт сөндірілді. 800 шаршы метрді шарпыған қызыл жалынды ауыздықтауға 100-ден аса маман мен 30 бірлік техника жұмылдырылды. Тілсіз жаумен күреске қою қара түтін мен жоғары температура кедергі болды. Өрт өршіп кетіп, салдарынан 3 - қабаттың төбе жабыны құлаған. Десе де құтқарушылардың жедел әрекеті нәтижесінде өрт көршілес коттеджге таралмай, дер кезінде сөндірілді. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр.