Абай облысында күдіктіден 100 келіден астам марихуана мен 7 келі гашиш тәркіленді. Ер адамның тұрғылықты жерін тінту барысында өсімдік тектес жасыл түсті зат салынған төрт қап пен ұнтақ тәріздес жасыл түсті зат салынған полимерлік пакет табылды. Күдіктінің Алматы облысының 33 жастағы тұрғыны екендігі анықталып отыр.Тергеу барысында ол өз кінәсін мойындап, жабайы қарасораны өзі жинап, кептіріп, сатуға сақтағанын айтты. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.