«Тазалық пен қауіпсіздік – туризмді дамытудың бір тетігі. Демалушыларға, саяхатшыларға қолайлы жағдай жасалуы керек». Шардара жағажайының жай күйімен танысқан өңір басшысы Нұралхан Көшеров осылай деді. Және жауаптыларға тиісті тапсырмалар жүктеді. Қазірдің өзінде шомылу аумағында қауіпсіздік және тазалық шаралары күшейген. Тіпті арнайы монитроинг жұмыстары да тұрақты түрде жүріп жатыр. Нәтижесінде, жағажайдағы 409 сәкінің 171-і талапқа сай болмай шықты. Сондықтан алынып тасталды. Алған қалған 238-і су жағасынан 50 метрге жылжытылды. Бүгінде мұнда 6 биодәретхана, 160 қоқыс жәшігі мен 10 киінетін кабина орнатылды. Жалпы, тазалық жұмыстарына 11 техника, 80 жұмысшы жұмылдырылған.