Түркістан
EN

Жүгері өңдеу зауытында 550 жұмыс орны құрылады

36
23.07.2025

Түркістан облысы, Шардара ауданында бой көтерген жүгері өңдеу зауыты ашылуға жақын. 35 гектар аумақты алып жатқан «Казкрахмал» өндіріс кешені іске қосылса, 550 жұмыс орны пайда болмақ. Бұл өз кезегінде аудандағы жұмыссыздық деңгейін едәуір төмендетеді. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров аталған зауытқа арнайы барып, құрылыс барысымен танысты. Өндіріс орны  крахмал, глютен, жүгері сечкасы, жүгері сірнесі, мальтоза және карамель сірнесін шығарады. Сондай ақ, жылына 150 мың тонна жүгері өңдеуге қауқарлы. Айта кетейік,  мұндағы өнімдер тек ішкі нарықты қамтып қана қоймайды. Әлемнің алпауыт елдері Ресей, Қытай, Бельгия және Англия сынды шетелдерге де жөнелтіледі.