Таразда Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының муралы пайда болды. Даңқты қолбасшының бейнесі Момышұлы атындағы 5-ші механикаландырылған бригада штабының ғимаратына салынған. Ол жерде жазушының «Қолбасшы болсаң сондай бол – жосылып жатқан жолдай бол» деген сөзі жазылған. Мурал Ұлы Жеңістің 80 жылдығына, сондай-ақ батырдың 115 жылдығына арналып отыр. Айта кетейік, жазушының өзі Жамбыл облысындағы Көлбастау ауылында дүниеге келген