Түркістан облысына қарасты Сауран ауданы, Шорнақ тұрғындары құрылыс материалдарын өндіретін зауыттар ауыз судың сапасын төмендетіп жіберді дейді. Жер қойнауынан тас, топырақ, қиыршық қазатын кәсіпорындар қаптап кеткен. Соның кесірінен ауылға келетін су лайға айналып, деңгейі түсіп кеткен. Құдықтағы суды адам түгілі төрт түлік те іше алмайды деген олар зауыттардың жабылуын талап еттіп отыр.