Жаңалықтар легін бүгінгі күннің басты оқиғасымен жалғасақ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Бағанашылдағы» балалар үйі Қонаев қаласына көшірілмейтін болды. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады. Жетім балаларды Қонаевқа күштеп көшіру процесін құқық қорғаушы, қоғам белсендісі Аружан Саин әлеуметтік желіде жариялаған болатын. Кадрлардан жедел жәрдем көлігін, полиция мен балаларды көруге болады. Бірі жерде есінен танса, қалған балаларды полиция күштеп көлікке отырғызып жатыр.