Қытайдан 100-ден аса контейнерді заңсыз кіргізгендер сотталды. Уәкілетті экономикалық оператор мемлекетке 10 млрд теңге шығын келтіріп отыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекет бюджетіне 643 млн теңге өндіріп алынды. Сот санкциясымен жалпы құны 1,3 млрд теңге болатын тауарға, күдіктілерге тиесілі 300 млн теңге сомасындағы мүлікке шектеу қойылды. Сондай-ақ аталған іске қатысы бар бір адамға халықаралық іздеу жарияланды.