Қаңтар оқиғасы кезінде лаңкестер тарапынан қираған Президенттің қызметтік резиденциясы бұзылады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді. Оның айтуынша резиденцияның орнына қала тұрғындары үшін саябақ салынады екен.