Төлебиде өнеркәсіп саласында 6,5 млрд. теңгенің 4 ірі инвестициялық жобасы іске асып, 180 жаңа жұмыс орны ашылады. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров аудан активімен кездесіп, Төлебидің экономикалық және туристік әлеуетін көтеру жолдарын талқылады. Айта кетейік, ауданның жалпы өңірлік өнім көлемі 6 айдың қорытындысымен 70,8 млрд. теңгеге жеткен.