Сириядағы қақтығыс аймағынан оралған балалар түрленген Түркістанды аралады. 20 бүлдіршін облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасына барып, туған жердің төл тарихымен, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрімен танысты. «Фарабқа саяхат» атты танымдық-мәдени іс-шараға Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының еліміздегі өкілдері арнайы қатысты. Атырау, Ақтау, Шымкент және Орал қалаларынан келген балақайлар апта бойы өңірдің тарихи-мәдени орындарын аралап, құнды жәдігерлермен таныспақ. Айта кетейік, «Жусан» операциясы нәтижесінде Сириядан елімізге 700-ге жуық отандасымыз қайтарылған.