Түркістан
EN

Заңсыз ғимарат бұзылады

79
18.07.2025

Түркістан қаласында құрылыс нысанында заңсыздық анықталды. Отырар шағын ауданында бой көтеріп жатқан  ғимарат, алғашында  барлық талаптарға сай құжаттарды рәсімдеп, жауаптылармен эскиздік жобаны бекіткен. Алайда, Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы аталған нысанға  тексеріс жүргізген. Нәтижесінде, ғимаратта өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптардың бұзылғаны және жобадан ауытқушылықтар анықталыпты. Енді, нысанды қайта жоспарға сай түзету мақсатында,  жобадан тыс салынған құрылыстың 2 метрі бұзылмақ. Аталған ғимарат алдағы уақытта медициналық орталық болмақ.