Түркістан
EN

Қарағандыда ер адам медбикені ұрып жықты

42
18.07.2025

Қарағандыда ер адам медбикені соққыға жығып, денсаулығына айтарлықтай зақым келтірді. Медицина қызметкерінің миы шайқалып, бірнеше жерден сүйегі сынған. Жағымсыз жайт жекеменшік маммологиялық орталықтардың бірінде болған. Мекемеге әйелі және баласымен келген ер адам қызметтік бөлменің есігін сындырып, іштегі медбикеге бас салған. Куәгерлердің айтуынша, қаскөй оны 20 минут тоқтаусыз ұрып, шашын жұлып, тістелеген. Қазіргі таңда күдікті ұсталып, психоневрологиялық диспансерге жіберілді. Аталған іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.