Түркістан
EN

103 есірткі зертханасы анықталды

61
18.07.2025

Биыл алты айда 4000-ға жуық есірткіге қатысты құқықбұзушылық тіркелді, оның 1800-і ауыр және аса ауыр қылмыстар. ІІМ есірткіге қарсы күрестің қорытындысын жариялады. Ведомство мәліметінше ұйымдасқан қылмыстық топ құру және басқару фактілері бойынша 21 қылмыстық іс қозғалып, 11 көшбасшысы мен 43 қатысушысы ұсталды. Заңсыз айналымнан алты тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді. Оның 570 келісі синтетика. 103 есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды. Сондай-ақ есірткі заттарын егудің 218 фактісі және 63 контранбанда фактісі анықталған.