Ақын Исраил Сапарбай дүниеден озды

11
18.07.2025 15:29

Қазақстанның халық жазушысы, белгілі драматург, талантты сазгер Исраил Сапарбай 85 жасына қараған шағында дүниеден өтті. Бұл туралы Жазушылар одағының төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов өзінің Facebook парақшасында жазды.  Айтуынша, суық хабар бүгін таңертең жетіпті. Қазақстанның халық жазушысы, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты Исраил Сапарбай ағамыз таңғы сағат төрттің шамасында 85 жасына қараған шағында көз жұмған.