Түркістан
EN

Кентаудағы индустриалды аймақтың жай-күйімен танысты

20
18.07.2025

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласындағы индустриялық аймақты аралап, өндірістік нысандардың жай-күйімен танысты. Аймақта тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу мен құрылыс материалдары өндірісі қарқынды дамуда. Қазіргі таңда 7 жоба іске қосылып, жыл соңына дейін тағы 3 кәсіпорын ашылады. «АБН Альянс» ЖШС полиэтилен құбыр шығарып, 80 адамды жұмыспен қамтып отыр. Биыл жалпы 16 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген. Нәтижесінде 492 жаңа жұмыс орны ашылмақ.