Түркістан
EN

1154 адамды кене шаққан

41
17.07.2025

Түркістан облысы көп жылдардан бері Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы  ауруынан эндемиялық табиғи ошақтар қатарына жатады. Мәселен, былтыр өңірде 11 адамнан осы дерт анықталған. Биылдың өзінде 6 тұрғын конго қырым қызбасына шалдығыпты. Бүгінде оның төртеуі ауруханадан айығып шыққан. Ал, қалған екі науқас әлі де ем-дом алып жатыр.  Жалпы биыл «кене шақты» деген шағыммен 1154 адам медициналық мекемеге жүгінген. Ал, былтыр бұл көрсеткіш 1042 тұрғынды құрап еді. Яғни, кене шағу жағдайлары биыл 10,7 пайызға өсіп отыр.