Төле би ауданындағы Тасарық ауылында жүзім шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Ауыл тұрғыны Сабыржан Танабаев 20 гектарлық жеміс бауын басқарады. Мұнда жүзімнің 4 сұрпы өсіріледі. Шілде мен тамыз айларында пісетін өнім жергілікті базарлар мен сауда орындарына көтерме бағамен жөнелтіледі. Маусым айының соңында шамамен 300 тоннаға жуық өнім алу көзделіп отыр.