Түркістан
EN

Жапониямен стратегиялық әріптестікті нығая түспек

47
17.07.2025

 Семей өңіріндегі радиациядан зардап шеккен адамдарға медициналық көмек жақсарады. Бұл мақсатта Жапониядан заманауи әрі сапалы медициналық технологиялар жеткізілмек. Бұл туралы Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Хиросима префектурасының губернаторы Хидехико Юзаки кездесуі кезінде айтылды. Кездесу барысында Қазақстан мен Жапония сауда-экономикалық серіктестік, гуманитарлық жобалар, жаһандық қауіпсіздік және ядролық қаруды таратпау мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді. Айта кетейік, екі ел арасындағы тауар айналымы 2024 жылы 1,8 миллиард долларды құраған. Қазіргі таңда Қазақстанда 60-тан астам жапон компаниясы сәтті жұмыс істеп жатыр. Бұл компаниялар алдағы уақытта да өз қызметін жалғастырады.