Түркістанда туризм саласының мамандарына арналған дайындық курсы басталды. "Гид-экскурсоводты дайындау негіздері" сабағы осымен екінші мәрте өткізіліп жатыр. Онда кәсіби экскурсия жүргізудің әдіс-тәсілдері, тарихи-мәдени орындар туралы толық ақпараттар және туристермен жұмыс істеудің стандарттары үйретіледі.