Туризмді дамыту, туристерге қолайлы жағдай жасау мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Нәтижесінде биылғы 5 айда Түркістан өңіріндегі тарихи орындарға 424 мың адам саяхаттап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9 пайызға артқан. Табиғи аумақтарға саяхаттаушылар саны 58 мыңға жуықтап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 есеге көбейген. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан қаласындағы саяхатшылар көп келетін орындарға кезекті рет зерделеу жұмыстарын жүргізді. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен сол маңдағы туристік нысандарды аралап, тазалық жұмыстары, келушілерге қолайлы жағдай жасау, қызмет сапасын көтеру бойынша жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.