Мемлекет басшысы қылмыстық заңнаманы оңтайландыру туралы заңға қол қойды. Жаңа заңда адамды некеге мәжбүрлеп алып қашу — қылмыстық жауапкершілікке тартылатын әрекет ретінде қарастырылады. Бұрын кейбір жағдайларда бұл әрекет «салт-дәстүр» аясында бағаланып, жазадан сытылып кету мүмкін болған болса, енді қатаң жазаланады. Бұл өзгеріс - азаматтардың, әсіресе әйелдердің құқықтарын қорғауға бағытталған маңызды қадам.