Түркістан
EN

Сауранда тағы да жер дауы

295
03.03.2022

Сауран ауданы тұрғындары тағы да бас көтерді. Себебі бүгінге дейін бітпейтін жер дауы оларды мезі қылған. Шаруалардың айтуынша, жаңа аудан құрылғалы мәселе тіпті шиеленісіп кеткен көрінеді. Өйткені, ауыл іргесіндегі мыңдаған гектар жер кәсіпкерлердің қолына өтіп кеткен. Амалы таусылған жұрт төрт түлікті қораға қамап бағуға мәжбүр. Ал жауапты басшылар жайылым жер мәселесін шешуге бір-ақ қадам қалды деп отыр.