Түркістан
EN

Үкімет брифинг:«Жолдардың сапасы өте өзекті маңызды мәселе.

86
15.07.2025

Жол сапасы - халықтың күнделікті өмір сапасына тікелей әсер етеді. Осыған байланысты Қазақстан Үкіметі 13 мың шақырым жолды жөндеу және жаңғырту жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектенов Үкіметтің баспасөз брифингінде айтты. Бүгіннің өзінде жаңа жолдар салынып, «Ақтөбе–Ұлғайсын», «Жезқазған–Қарағанды», «Жезқазған–Петропавл» бағыттарында құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. 

Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасымен орталық пен батысты жалғайтын ірі автожол дәлізі салынуда. Қазірдің өзінде Астана мен Ырғыз арасында жаңа жол құрылысы басталды. Бұл бағыт Торғай өңірі мен Арқалық қаласының дамуына ерекше серпін береді.