Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Шардара ауданына арнайы жұмыс сапарымен барды. Өңір басшысы алдымен «Шардара» су қоймасының жағалауындағы бірқатар туристік нысандарды аралап, олардың санитарлық жағдайы мен қауіпсіздік талаптарының орындалуын тексерді. Демалыс аймағындағы кемшіліктерді анықтап, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.