Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Phygital International басшыларымен келіссөз жүргізді. Тараптар 2026 жылы елімізде «Болашақ ойындарын» өткізу мүмкіндігін талқылап, фиджитал-спортты ілгерілетуге ниетті екенін жеткізді. ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, дайындық жоспары бекітілген кестеге сай жүргізілуде. Бүгінде Қазақстанда 1,5 млн-нан астам адам киберспортпен айналысады. Алдағы халықаралық турнир жастар арасында жаңа спорт түрлерінің танымалдығын арттырмақ.