Түркістан
EN

Химия пәнінен үздік атанды

52
14.07.2025

Қазақстандық оқушылар химия пәнінен халықаралық олимпиадада топ жарды. Білім бәйгесі биыл Біріккен араб әмірлігінде өтті. Оған 93 елден 360-тан астам жасөспірім қатысты. Соның арасынан отандастарымыз 4 медаль еншіледі. Оның екеуі - алтын. Жүлдегер оқушылар мен олардың жетекшілеріне мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсетіледі. Өйткені бұл байқау әлемдегі ең беделді 7 білім додасының қатарына кіреді.