1 000 000 теңге ақшалай сыйлық ұтып алуға мүмкіндік бар. Еліміздің үздік мамандарына арналған «Жас Кеңес Сыйлығы – 2025» байқауына өтінім қабылдау басталды. Байқау Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бастамасымен ұйымдастырылып отыр. Өтінімдер 20 шілдге дейін қабылданады. Үміткерлер 10 түрлі номинация бойынша қатыса алады. Оған үздік педагогтер, құтқару қызметінің мамандары және жұмысшы кәсіп иелері секілді түрлі сала өкілдері қатыса алады. Арасынан әр номинация бойынша екі үздік маман таңдап алынып, әрқайсысы 1 000 000 теңге көлемінде сыйақыға ие болады. Байқауға қатысты толық ақпаратты әлеуметтік желілер арқылы алуға болады.