Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде азаматтарды баспанамен қамту — стратегиялық басым бағыттардың бірі. Осы орайда Түркістан облысы Сайрам ауданында көптен күткен қуаныш. Ақсукент ауылында 32 отбасы баспаналы болды. Жаңа қоныстың кілтін Облыс әкімі Нұралхан Көшеров арнайы табыстады. Аймақтағы ағайынның қуанышын бөлісіп қайтқан тілші тарқатсын.