Түркістан
EN

257,5 млрд цифрлық теңге айналымға шығарылды

100
11.07.2025

 Қазақстанда 257,5 млрд цифрлық теңге айналымға шығарылды. Бұл туралы Үкіметте өткен жиында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді. Айтуынша, платформа қазір тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану кезеңінде, алдағы желтоқсан айында оны толыққанды іске қосу жоспарланып отыр. Ал Премьер-министр Олжас Бектенов жақын арада Ұлттық қор мен бюджет есебінен қаржыландырылатын кемінде 100 ірі жобаны «цифрлық теңге» форматына ауыстыруды тапсырды.