Сайрам ауданында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының көшпелі отырысы өтті. Ондағы мақсат - саладағы өзекті мәселелерді талқылап, ақпараттық жұмыстарды жетілдіру. Келелі жиынға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әлішер Сатыбалдиев арнайы қатысып, журналистерге этносаралық мәселелерді жариялау кезінде аса мән беру керек дүниелерді атап өтті.