Ауруханадағы алаяқтық әшкереленді

10
11.07.2025 20:13

Қызылордада ауруханадағы алаяқтық әшкереленді. Мекеменің бас есепшісі медициналық кереуеттердің бағасын үш есеге қымбат етіп көрсетіп, мемлекет қаржысын қалтаға басқан. Арнайы серіктестік пен аурухана арасындағы келісім шартта бір кереуеттің бағасы 1,2 миллион теңге деп көрсетілген. Алайда оның әр қайсысының құны - 460 мың теңгеден аспаған. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі хабарлап,  мемлекетке 129 млн теңге шығын келгенін жеткізді.